«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы  «Ашық НҚА» порталында орналастырылды

«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы  «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Құжатқа сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

жалақының ең төмен мөлшерi - 70 000 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге (2023 жыл  - 24 371);

зейнетақының ең төмен мөлшерi - 57 853 теңге (2023 жыл - 53 076);

айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңге (2023 жыл - 3 450);

базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 43 407 теңге (2023 жыл - 40 567).

Құжат 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға ашық.

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14677370